Солтүстік Арал теңізіне үш жылда 6 млрд текше метр су жіберілді

Бүгін, 16:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Солтүстік Арал теңізіне үш жылда 6 млрд текше метр су жіберілді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сырдария өзеніндегі су қоймаларының жұмыс режимдерін келісу және мемлекетаралық келісімдерді қатаң сақтау нәтижесінде соңғы үш жылда Солтүстік Арал теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілген.

«Соның арқасында Солтүстік Аралдағы су көлемі 2023 жылдың басындағы 18,4 млрд текше метрден 23 млрд текше метрге дейін ұлғайды», - деді Нұрлан Алдамжаров.

Сонымен қатар былтыр 15 қарашада Өзбекстан Республикасымен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару туралы жаңа келісімге қол қойылды. Бұл құжат ұзақмерзімді жобаларды іске асыруға және су ресурстарын кешенді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Солтүстік Аралдың көлемін 34 км³ дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтқан еді.