Шолпан Каринова: Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағдарын айқындайтын басты құжат
Астанада Amanat партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі Республикалық кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жиын барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу нысандарымен қамту, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен жұмыс жоспарларын бейімдеу мәселелері және техникалық, кәсіптік білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді дамыту шаралары талқыланды.
«Конституция жобасы – елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін стратегиялық маңызы бар құжат. Бұл жоба мемлекет басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған. Жаңа Конституциялық өзгерістер қоғамның сұранысына сай әзірленіп, билік пен халық арасындағы сенімді арттыруды көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, құжат ел дамуының жаңа бағдарын айқындап қана қоймай, ұзақ мерзімді тұрақтылық пен әділетті қоғам құрудың берік негізін қалайды», - деді Amanat партиясының хатшысы Шолпан Каринова.
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, партия қызметкерлері және бейнеконференц-байланыс режимі арқылы өңірлердегі басқарма басшылары қатысты.
Бұған дейін Кәсіподақтар федерациясында жаңа Конституциясы жобасын талқылау бойынша кездесу өткенін жаздық.