07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сенат зияткерлік меншікті қорғауды дамытуға арналған заңды мақұлдады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сенат зияткерлік меншікті қорғауды дамытуға арналған заңды мақұлдады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Заңның мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды жетілдіру, креативті экономиканың дамуына қолайлы жағдай жасау, инвестициялар тарту және осы саладағы құқықтық реттеуді тиімді әрі заманауи талаптарға сәйкестендіру. Заң жобасы авторлық құқық, сабақтас құқықтар, тауар таңбалары, патенттер және өзге де зияткерлік меншік объектілеріне қатысты нормаларды нақтылайды және дамытады.

Заң жобасымен келесі негізгі өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Біріншіден, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың өз хабарларын, оның ішінде қайта трансляциялау құқықтарын нақтылау көзделеді. Бұл құқық иелерін қорғауды күшейтеді және контентті рұқсатсыз пайдалануға жол бермейді. Екіншіден, көру қабілеті бұзылған азаматтардың авторлық құқықпен қорғауға алынған шығармаларға қол жеткізу мүмкіндігі кеңейтіледі, яғни заңды жарияланған шығармаларды арнайы қолжетімді форматтарда таратуға, көрсетуге және орындауға құқық беріледі. Бұл инклюзивті қоғам құру қағидасын қамтамасыз етеді, - деді сенатор Жанна Асанова.

Үшіншіден, тауар таңбаларына берілген өтінімдерді жеделдете сараптаудың жаңа тетігі енгізілуде. Жеделдетілген тәртіппен алдын ала сараптама он жұмыс күні ішінде, ал толық сараптама үш ай ішінде жүргізіледі. Салыстырмалы түрде айтсақ, әдеттегі тәртіпте бұл мерзімдер тиісінше бір ай және жеті ай болған. Бұл жаңашылдық тауар таңбаларын тіркеу үдерісін айтарлықтай жеделдетеді, бұл әсіресе шағын және орта бизнес субъектілері үшін аса маңызды.

Төртіншіден, тауар белгісін тіркеуге қарсылық білдіру мерзімі 1 айдан 2 айға дейін ұзартылды. Бұл мүдделі тұлғаларға құқықтық дәлелдерін сапалы дайындауға мүмкіндік береді. 

Бесіншіден, тауар белгілерін тіркеуден бас тарту негіздері нақтыланады, оның ішінде қызмет көрсету орны ескеріледі. Бұл түзету құқықтық айқындықты арттыруға және нарық қатысушылары арасындағы дауларды алдын алуға бағытталған.

Алтыншыдан, өнертабысқа патент беруден ресми сараптама кезеңінде-ақ бас тарту мүмкіндігі енгізіледі. Бұл өтінімдерді қарау уақытын қысқартады және патент сапасын арттырады. Сонымен қатар, заңда құқықтарды ұжымдық басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер көзделген. Ол үшін бұл жүйе цифрландырылып, құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі. Бұл авторлар мен құқық иелерінің өз туындыларының пайдаланылғаны үшін ұжымдық басқару механизмі арқылы әділ сыйақы алуына мүмкіндік береді

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗