Самат Байгереев: Жаңа Ата заң жобасында жас ғалымдарға құқықтық кепілдік беріледі

Бүгін, 15:56
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Самат Байгереев: Жаңа Ата заң жобасында жас ғалымдарға құқықтық кепілдік беріледі
Фото: видеодан скрин/senate_kz

Өскеменде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жастармен кездесуінде жас ғалым Самат Байгереев Ата заңның жаңа жобасында білім мен ғылымның рөлі күшейтіліп, жас зерттеушілерге құқықтық қолдау қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Өскемен қаласында өткен кездесуде Мәулен Әшімбаев жастармен ашық пікір алмасты.

Жиын барысында сөз алған жас ғалым Самат Байгереев Конституцияның жаңа редакциясында білім мен ғылымның мемлекеттік деңгейдегі маңызы нақты айқындалғанын атап өтті.

«Бұл өзгерістер жас ғалымдар қауымдастығына жаңа мүмкіндіктер беріп, ғылыми қызметке құқықтық кепілдік қалыптастырады. Сонымен қатар конституциялық түзетулер отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, интеллектуалды ұлт қалыптастыруға негіз болмақ», - деді ғалым.

Кездесу барысында жастарды қолдау, ғылымды дамыту және кадрлық әлеуетті нығайту мәселелері де талқыланды.