Республика бойынша 400 жол белгіcі қажет – Ішкі істер министрінің орынбасары
15 қыркүйек, 2025
Фото: Freepik.com
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкімет отырысында білім беру нысандарының маңына қажетті жол инфрақұрылымдарын орнатуды қадағалау жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұл мәселе ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Мектептердің жанында 54 жаяу жүргіншілер бағдаршамы, 1 мыңнан астам жасанды кедергі, 8 мыңға жуық жол белгісі мен ақпараттық панно, 180 шақырым қоршау орнатылып, 248 автотұрақ салынған.
«Алайда, республика бойынша әлі де 70 реттелетін жаяу жүргіншілер бағдаршамы, 350-ге жуық жасанды кедергі және 400 жол белгісі қажет», - деді Игорь Лепеха.
Ұқсас жаңалықтар
10 қаңтар, 2026
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
9 қаңтар, 2026
Елімізде құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
8 қаңтар, 2026
Сингапурлық компания Павлодар облысында құны $15 млрд өнеркәсіп паркін салуға қызығушылық танытты
8 қаңтар, 2026
«Заң бәріне ортақ»: Аида Балаева Көші-қон саясаты тұжырымдамасын түсіндірді