Қытай шекарасы маңындағы Достық станциясының теміржол вокзалы жаңартылды
Жетісу облысында ҚХР шекарасы маңында орналасқан Достық станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Вокзал 1961 жылы салынған. Тәулігіне орташа 158 жолаушы қатынайды. Станция арқылы Алматы, Ақтоғай, Балқаш, Қарағанды және Астана бағыттарында жүретін 14 жолаушы пойызы өтеді.

Қайта құру барысында вокзал ғимараты, шатыр және инженерлік желісі жаңартылды. Ғимараттың іші және сыртқы безендірілді. Перрон қайта жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды.
Жоба ҚР Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен іске асырылды.

Еске сала кетсек, Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмысы аяқталды.