Құтқарушылар Есіл өзеніне құлап кеткен жеңіл автокөлікті судан алып шықты

3 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Құтқарушылар Есіл өзеніне құлап кеткен жеңіл автокөлікті судан алып шықты
Фото: видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жеңіл автокөлік жағадан Есіл өзеніне сырғып кеткен. Құтқарушылар көлік иесіне жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, автокөлікті судан алып шығу жұмыстарына кірісті.

Құтқару операциясына сүңгуір-құтқарушы жұмылдырылды. Ол суға түсіп, автокөлікті қосымша арқанмен бекітіп берді.

Осыдан кейін құтқарушылар авариялық-құтқару автомобилінің көмегімен жеңіл автокөлікті Есіл өзенінен сәтті алып шықты.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін ТЖМ авиациясы науқасты Қостанайдан Астанаға шұғыл жеткізгенін жаздық.