09.12.2025
RU
Мәзір

ҚҚС төлеу кейінге қалдырылатын импорттық тауарлар тізбесі белгілі болды

|
ҚҚС төлеу кейінге қалдырылатын импорттық тауарлар тізбесі белгілі болды
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық экономика министрлігі қайта өңдеу үшін әкелінетін тауарлар тізбесін белгілеу туралы бұйрықты бекітті, деп хабарлады Elordainfo.kz  министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың импорты кезінде кәсіпорындар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуді кейінге қалдыра алады.

Құжат сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағына сәйкес, осындай кейінге қалдыруға құқығы бар салық төлеушілер санатын айқындайды.

Бұл ретте тізбенің күші Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің тауар импортына қолданылмайды.

Тізімге Қазақстанда өндірілмейтін немесе ішкі нарықтың қажеттілігін өтемейтін, бірақ бұл ретте қайта өңдеу саласына қажет тауарлар енгізілген.

Қабылданған бұйрық қайта өңдеу өндірісіне арналған шикізат пен компоненттерге қол жеткізеді. ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру кәсіпорындарға қажетті тауарды әкелу кезінде айналым қаражатынан алмауға мүмкіндік береді. Осылайша олардың қаржысы тұрақты болмақ.

Кейінге қалдыру тәртібі мен мерзімін салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді әкімшілендіруге жауапты уәкілетті орган белгілейді.

Бұйрық жобасына осы сілтеме арқылы көруге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗