Қостанайда сот орындаушылары 963 млн теңге алимент қарызын өндіріп алды

Бүгін, 13:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қостанайда сот орындаушылары 963 млн теңге алимент қарызын өндіріп алды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қостанай облысы прокурорларының үйлестіруімен сот орындаушылары 963 млн теңге көлемінде алимент бойынша берешекті өндіріп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қарызды өндіріп алу мақсатында шектеу шараларынан басқа (борышкерлердің банк шоттары мен мүлкін тәркілеу, олармен мәмілелер жасауға және елден тыс жерлерге шығуға тыйым салу, т.б.) бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіледі, борышкерлердің тұрғылықты жері, олардың көліктері ұсталады.

Тұрақты алимент төлегісі келетін 380-нен астам борышкерге жұмысқа орналасуға көмек көрсетіліп, балаларды ай сайынғы төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттемелерін орындаудан бас тартқан борышкерлерге әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Биыл барлығы 72 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылса, 306-сы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, алименттерді уақтылы төлеу – ата-ананың міндеті және баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

Бұған дейін Астанада алиментті уақытылы төлемеген азаматтан тұрақсыздық айыбы өндірілген болатын.