Қостанай облысының прокуратурасы өңірдегі Ұзынкөл ауданында пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға қатысты шаралар қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Ұзынкөл ауданының прокуратурасы қадағалау жұмысы барысында Жер кодексінің талаптарын бұзып, ұзақ уақыт бойы жерді мақсаты бойынша пайдаланбаған жер пайдаланушыларын анықтады.
Кадастрлық құны 50,8 млн теңге болатын 1 183 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, қайтарылған жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына енгізіледі және жер заңнамасына сәйкес фермерлерге шаруашылық жүргізу үшін қайта бөлінеді.
Еске сала кетсек, былтыр елімізде 2,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды.