Қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған астаналық азамат сотталды

Бүгін, 16:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған астаналық азамат сотталды
Фото: freepik.com

Астанада азаматтарды қажылыққа апарамын деп алдаған алаяқ сотталды. Ол өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, жалған әуе билеттері мен қонақүйлер үшін азаматтардың 7,4 млн теңгеден астам қаражатын алдап иемденген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

«Алаяқтың құрбаны еліміздің әр өңірінен 17 адам болды, олардың арасында қарт ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар.

Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді.

Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді», - делінген хабарламада.

Прокуратура ескертеді: қажылыққа байланысты қызметтерді алу үшін лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгіну қажет. Ақшаны тексерілмеген тұлғаларға, тіпті өздерін қажылық ұйымдастырушысы ретінде таныстырған адамдарға аудару алаяқтарға тап болу қаупін тудырады.

Еске сала кетейік, елімізде киберқылмыстар саны айтарлықтай азайған.