QazIndustry-де жаңа Конституция жобасы талқыланды

QazIndustry-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
Фото: QazIndustry

QazIndustry Қазақстан индустрия және экспорт орталығында жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша кеңес өтті. Жиынға компанияның басқарма мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кеңесті ашқан басқарма төрағасы Б.Бекенов конституциялық өзгерістер елдің жүйелі саяси жаңғыруының бір бөлігі екенін және мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, оның іргетасын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасы заманауи талаптар мен жаңа сын-қатерлерді ескере отырып әзірленгені және ауқымды өзгерістерге, оның ішінде өнеркәсіп секторындағы қайта құруға негіз болатыны айтылды.

QazIndustry ұжымы жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдайтынын білдіріп, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған реформалары аясында отандық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ауқымды жұмысты жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.

Еске сала кетейік, жаңа Конституция жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы, кейін құрамына депутаттар, заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері кірген Конституциялық комиссия құрылған болатын.

Жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдум 15 наурызда өтеді.