QAZDATATHON-2024 байқауына өтінімдер қабылдау мерзімі ұзартылды
16 қазан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
QAZDATATHON-2024 конкурсына өтінімдер қабылдау мерзімі 18 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқауға 2-5 адамнан тұратын командалар қатыса алады: студенттер, зерттеушілер және әлеуметтік ғылымдар саласындағы мамандар. Команда мүшелерінің экономика, әлеуметтану саласындағы білім мен статистикалық бағдарламалар және бағдарламалау тілдерімен жұмыс істеу дағдылары болуы қажет.
Команда ұйымдастырушылар ұсынған датасет негізінде синтетикалық деректер жиынтығының бірін қолданып, жоба әзірлеуі керек.
Жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтар алады.
Ұқсас жаңалықтар
9 қаңтар, 2026
Қазақстандық полиция қызметкері каратэден Әлем кубогының жеңімпазы атанды
9 қаңтар, 2026
Несиені ресімдеу алдында нені білу маңызды
9 қаңтар, 2026
Елімізде алғаш рет адамдардың цифрлық құқықтары заңнамалық тұрғыда бекітілді
9 қаңтар, 2026
2025 жылы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам жауапкершілікке тартылды