06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

QAZDATATHON-2024 байқауына өтінімдер қабылдау басталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

QAZDATATHON-2024 байқауына өтінімдер қабылдау басталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлттық статистика бюросы QAZDATATHON-2024 байқауына өтінім қабылдап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қатарынан үшінші жыл өткізіліп жатқан шара деректерді пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық және әдіснамалық проблемалар бойынша инновациялық шешімдер іздеуге, сондай-ақ деректерді басқару мәдениетін және олардың негізінде шешім қабылдау практикасын дамытуға бағытталған.

«Байқауға студенттерден, әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеушілерден және деректермен жұмыс істейтін мамандардан құралған командалар шақырылады. Команда 2-5 адамнан тұрып, экономикалық теория, әлеуметтану, саясаттану және басқа да әлеуметтік ғылымдар, сондай-ақ статистикалық қосымшалармен және бағдарламалау тілдерімен жұмыс істей алуы тиіс», - деп көрсетті Ұлттық статистика бюросы.

Өтінімдер 16 қазанға дейін datathon.stat.gov.kz сайты арқылы қабылданады. Конкурс барысында қатысушылар ұйымдастырушылар ұсынған датасеттерді пайдалана отырып, өзекті әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерді шешуге бағытталған жобаны әзірлеуі тиіс. Міндетті шарт –синтетикалық деректер жиынтығының кем дегенде біреуін пайдалану.

Байқау жеңімпаздары серіктестерден ақшалай және бағалы сыйлықтар алады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗