ҚазАвтоЖол: ақылы трассалардағы жол жүру көрсеткіші 28 миллионнан асты

Бүгін, 12:49
Думан Аманжол Думан Аманжол
ҚазАвтоЖол: ақылы трассалардағы жол жүру көрсеткіші 28 миллионнан асты
Фото: ҚазАвтоЖол

Жыл басынан бері еліміздің ақылы автокөлік жолдары арқылы 28 миллионнан астам жол жүру тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, қазіргі таңда елімізде жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр. 

«Көлік қозғалысының ең жоғары қарқындылығы дәстүрлі түрде ірі қалаларды, шекаралық өткізу бекеттерін, өнеркәсіптік және туристік аймақтарды байланыстыратын бағыттарда байқалады. Жыл басынан бері ең көп жол жүру Алматы – Қонаев учаскесінде тіркеліп, көрсеткіш 4,3 миллионға жетті», делінген хабарламада.

Ең жоғары жүктемеге ие ақылы бағыттардың алғашқы үштігіне Шымкент – Өзбекстан шекарасы (3,7 млн жол жүру) және Шымкент – Тараз (2,5 млн жол жүру) учаскелері де енді. Бұл бағыттардағы жоғары қозғалыс қарқыны жолаушылар мен жүк тасымалының көлемімен, сондай-ақ өңіраралық және халықаралық көлік қатынасын қамтамасыз етудегі маңыздылығымен байланысты.

2026 жылдың басынан бері ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру санының рейтингі келесідей болды:

1. Алматы – Қонаев — 4,3 млн;

2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы — 3,7 млн;

3. Шымкент – Тараз — 2,5 млн; 4. Тараз – Қайнар — 2,1 млн;

5. Шымкент – Қызылорда — 1,8 млн;

6. Қонаев – Талдықорған — 1,4 млн;

7. Астана – Теміртау — 1,4 млн;

8. Астана – Щучинск — 1,3 млн;

9. Тараз қаласының айналма жолы — 1,03 млн;

10. Алматы – Қорғас — 1,005 млн;

11. Қостанай – Денисовка — 968 мың;

12. Астана – Павлодар — 872 мың;

13. Щучинск – Көкшетау — 818 мың;

14. Көкшетау – Петропавл — 676 мың;

15. Қызылорда – Арал — 667 мың;

16. Балқаш – Бурылбайтал — 620 мың;

17. Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) — 532 мың;

18. Павлодар – Семей – Қалбатау — 442,6 мың;

19. Шу – Бурылбайтал — 354 мың;

20. Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) — 343 мың;

21. Қандыағаш – Мақат — 323 мың;

22. Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) — 319 мың;

23. Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) — 255 мың;

24. Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) — 213 мың;

25. Үшарал – Достық — 133 мың;

26. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) — 59 мың.