Қазақстанның сыртқы сауда айналымы төрт айда 44,9 млрд доллар болды
Қазақстанның сыртқы саудасында негізгі халықаралық серіктестермен тауар айналымы тұрақты өсіп келе жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд $ болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артты.
«Экспорт көлемі 24 млрд $, ал импорт көлемі 20,9 млрд $ құрады. Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында Ресей (6,6 млрд $), Қытай (6 млрд $), Германия (1 млрд $), АҚШ (0,9 млрд $) және Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) болды.
Қазақстан экспортының негізгі бағыттары Қытай (4,9 млрд $), Италия (4 млрд $), Ресей (2 млрд $), Түркия (1,7 млрд $) және Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды», делінген хабарламада.
Бюроның мәлімдеуінше, 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштер Қазақстанның сыртқы саудасында оң динамиканың сақталғанын және негізгі халықаралық серіктестермен тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Еске сала кетсек, Қазақстан Иранның ең ірі портында көлік-логистикалық терминал салады.