Референдум-2026

Қазақстаннан заңсыз ақша шығармақ болғандардың жолы кесілді

Қазақстаннан заңсыз ақша шығармақ болғандардың жолы кесілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтуге қатысты 38 әрекет анықталды. Нәтижесінде 636 млн теңгеден асатын қолма-қол шетел валютасы табылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мәлімдеуінше, елден ақшаны заңсыз алып шығудың жолын кесу бағытында тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осындай оқиға Жамбыл облысындағы «Қордай» автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде тіркелді. Шетел азаматының жүгін тексеру кезінде 350 мың АҚШ доллары (шамамен 170 млн теңге) табылды.

Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес 10 мың АҚШ долларының баламасынан асатын қолма-қол ақшаны республика аумағынан алып шығуға тыйым салынатынын еске салды. 

Бұған дейін Қостанай облысында құны жарты миллиард теңгеге жуық вейп тәркіленгенін жазған болатынбыз.