Қазақстандық теннисші US Open турнирін жеңіспен бастады

Бүгін, 13:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық теннисші US Open турнирін жеңіспен бастады
Фото: ktf.kz

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева 2026 жылғы хард төсенішіндегі «Үлкен дулыға» санатындағы US Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингте 84-орында тұрған қазақстандық теннисші бірінші айналымда әлемнің 12-ракеткасы, Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матчта Путинцева 4:6, 7:5, 6:3 есебімен ерік-жігер танытып, жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 2 сағат 51 минут өткізді. Қазақстандық спортшы алты эйс жасап, төрт қосарланған қателікке жол берді және он брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

US Open турнирінің екінші айналымында Путинцева қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

Еске сала кетейік, еліміздің бес спортшысы құзға өрмелеуден әлем кубогына қатысады.