Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Бүгін, 15:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина Аделаида (Аустралия) қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Отандасымыз жұптық сында ел намысын қорғап жатыр. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде.

Ширек финалда Данилина мен Крунич чехиялық Мари Боузкова мен бразилиялық Луиза Стефани жұбына қарсы ойнауы керек еді. Алайда қарсыластары турнирден шығып қалды.

Осылайша, қазақстандық және сербиялық спортшы ірі жарыстың жартылай финалына еш қиындықсыз жолдама алды.

Бұған дейін 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жазған едік.