Қазақстандық парашабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Бүгін, 12:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық парашабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Сауд Арабиясында өтіп жатқан шосседегі паравелоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Отандастарымыз 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, құрлықтық додадағы медаль есебін сәтті бастады.

Халықаралық деңгейдегі беделді жарысқа Азияның жетекші құрамалары қатысуда. Бәсекенің жоғары деңгейіне қарамастан, қазақстандық спортшылар өздерінің кәсіби дайындықтарын, шеберліктерін және жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.

Бұл жетістік – елімізде параспортты жүйелі дамыту, спортшыларды жан-жақты қолдау және халықаралық ареналарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Жарыс алдағы күндері де жалғасады, ал ұлттық құрама өкілдері медаль қорын толықтыруға ниетті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшыларды және олардың жаттықтырушылар құрамын лайықты нәтижемен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Еске салсақ, елорданың «Байқоңыр» ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында үстел теннисінен жарыс өтті.