Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

Бүгін, 10:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Карими кермедегі жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандасымыз 14,933 ұпай жинады.

Бірінші орынды 15,233 ұпаймен Тайбэй өкілі Тан Цзяхун иеленді. Ал колумбиялық Анхель Барахас 14,833 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншілесе, Нариман Курбанов қола медаль жеңіп алған болатын.

Бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Ташкенттегі әлем кубогында күміс медаль алды.