Қазақстандық ескекшілер Мәскеуде алтын мен күміс жеңіп алды

Бүгін, 12:33
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық ескекшілер Мәскеуде алтын мен күміс жеңіп алды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Ресей астанасы Мәскеуде академиялық ескек есуден «65-шы Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2000 метр қашықтықта JM2 санатындағы жұптық сында бақ сынаған Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев 06:50.25 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші орын иеленді. Бұл бағдарламада күміс және қола жүлделер ресейлік спортшыларға бұйырды.

Сондай-ақ ересектер арасында отандастарымыз Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев жұбы жеңіл салмақтағы 2000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, аталмыш додаға 6 елден 447 спортшы қатысуда.

Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатына баратын спортшылар белгілі болды.