Қазақстандық балуандар Испаниядағы Гран-приде 24 медаль еншіледі
Қазақстандық балуандар Мадридте (Испания) өткен Гран-при турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандастарымыз аталған халықаралық турнирде 24 медаль еншіледі.
Еркін күрес бойынша Дәулет Әмірханов (57 келіге дейін), Нұрлыбек Базарбаев (61 келіге дейін) және Жанқожа Әбілтаев (70 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін), Акбар Курбанов (65 келіге дейін), Шерхан Әбіл (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды.
Жанболат Қабиден (70 келіге дейін), Талап Жолдасов (70 келіге дейін), Арсен Қабден (74 келіге дейін), Наурыз Ахмедханов (86 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Грек-рим күресі бойынша Едіге Төлеутаев (55 келіге дейін), Ілияс Дәуітов (63 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.
Айбат Рахим (55 келіге дейін), Жанболат Сапарбек (60 келіге дейін), Досжан Өтепқалиев (63 келіге дейін), Дінмұхамед Омаров (72 келіге дейін), Әлмір Төлебаев (82 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Омар Ахон (60 келіге дейін), Шыңғыс Қайрат (63 келіге дейін), Николай Хапко (72 келіге дейін), Расул Жүніс (77 келіге дейін), Санжар Сабитов (82 келіге дейін), Аянбек Ибраев (97 келіге дейін) қола медальмен күптелді.
Еске салсақ, 12 қазақстандық боксшы U23 Азия чемпионатының финалына шыққан болатын.