Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясат пен цифрландыру қарқыны артты

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясат пен цифрландыру қарқыны артты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Президент Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру өкілеттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құзырына берілген. Қазіргі таңда тұжырымдама аясындағы іс-шаралардың 75%-ы орындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және жасанды интеллект енгізу жұмыстары жүргізілуде. «Цифрлық теңге» платформасында бюджет қаражатының қозғалысын соңғы алушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін пилоттық жобасы іске асырылуда.

«2025 жылғы мониторинг нәтижесінде 122 құқық бұзушылық фактісі анықталып, 13 адам әкімшілік, 58 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бағынысты қызметкерлерінің әрекеттері үшін 14 басшы жауапқа тартылды. Заң талаптарын сақтамағаны үшін 43 адам мемлекеттік лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар жемқорлыққа қатысты талдаулар жүргізіліп жатыр. Былтыр 655 ұсыным енгізіліп, оның 57%-ы орындалды. 2024 жылы құқықтық актілерге жүргізілген сараптама барысында 8 681 жоба талданып, 18 720 тәуекел анықталды, ұсынымдардың 81%-ы ескерілді», - делінген хабарламада.

Агенттік ашықтық пен алдын алу шараларын күшейту арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруды жалғастырады.