Қазақстанда қанша колледж бар
2025-2026 оқу жылының басына Қазақстанда 559 колледж жұмыс істеді. Колледждердің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан – 79, одан кейін олардың саны Түркістан мен Қарағанды облысында көп, тиісінше 38 және 37 колледж, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, колледждердегі білім алушылар саны оқу жылының басында 355,2 мың адамды құрады, оның ішінде 150,8 мыңы – әйелдер.
Колледже оқитын студент саны Алматы қаласында ең көп – 76 мың адам, одан кейін Шымкентте – 40,1 мың және Түркістан облысында – 30 мың адам.
«Биылғы оқу жылында колледждерге бірінші курсқа 133,9 мың адам түсті. Олардың негізгі бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс технологиялары саласындағы мамандықтарды таңдады – 51,2 мың адам. Олардың ішінде көлік жөндеу мамандығы бойынша оқуға түскендер – 9,5 мың, дәнекерлеу ісі – 5 мың, тігін ісі – 4,3 мың оқушы. Одан кейін әртүрлі қызмет мамандықтары бойынша түсушілер көп болған – 22,4 мың адам, оның ішінде ең көп оқушы тамақтандыру ісі мамандығын таңдаған – 12,7 мың адам», - делінген хабарламада.
Коллежде білім алушылар арасында Өзбекстаннан және Ресейден келгендер көп, сәйкесінше 1,2 мың және 1 мың адам.
Бұған дейін елде 3,5 млн бала қосымша біліммен қамтылғанын жаздық.