Наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының бағасы айлық мәнде 5,5% өссе, жылдық мәнде 45% қымбаттаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өңірлер бөлінісінде ең төменгі жылдық қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелді – 14,5%, Шымкентте – 29%, Астанада – 29,9%.
Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында ең қатты қымбаттаған – бір жылдағы өсім 71%.
Сонымен қатар Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді. 2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7% өсіп, 2,7 млрд теңгені құраған.