Референдум-2026

Қазақстанда «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітап жарық көрді

Бүгін, 17:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанда «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітап жарық көрді
Коллаж: Elordainfo.kz

Жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы ой-тұжырымдары мен қанатты сөздері енгізілген, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Басылым 1994 жылғы архивтік материалдардан бастап Мемлекет басшысының кейінгі жылдардағы сөйлеген сөздеріне дейінгі отыз жылдан астам кезеңді қамтиды. Кітапқа Президенттің Қазақстандағы және беделді халықаралық алаңдарда айтқан негізгі тезистері мен маңызды мәлімдемелері топтастырылған.

Кітап Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру және қоғамды дамыту мәселелеріне қатысты көзқарастарының қалыптасуы мен сабақтастығын көрсетуге мүмкіндік береді. Әр жылдары айтылған ой-пікірлер Президенттің әділеттілік, заңдылық, жауапкершілік және ұлттық бірлік қағидаттарын өз сөзінде тұрақты түрде ұстанып келе жатқанын айқындайды.