Референдум-2026

Қазақстан жастары дзюдодан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Қазақстан жастары дзюдодан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия чемпионатының жеңімпаздары атанған қазақстандық спортшылар:

– Айнара Сейітжанова (48 келіге дейін);

– Нұрбала Зайнул (52 келіге дейін);

– Ролан Қайырғали (66 келіге дейін);

– Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін);

– Санжар Ерұланұлы (100 келіге дейін).

Күміс медаль иегерлері:

– Дамеля Асылханова (63 келіге дейін);

– Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін);

– Мұхамедали Закиров (73 келіге дейін);

– Руслана Махатова (78 келіден жоғары).

Ал қола жүлдені мына спортшылар еншіледі:

– Айзат Наукенова (48 келіге дейін);

– Айдана Абиханова (63 келіге дейін);

– Шынар Бітімбай (70 келіге дейін).

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын жалпы 12 медальмен (5 алтын, 4 күміс, 3 қола) аяқтап, құрлықтық додадағы жоғары нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұған дейін елімізде халықтың 44,5 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданатынын жазған едік.