Қазақстан сегіз мемлекетке ас тұзын экспорттады
Былтыр Қазақстанда 415,7 мың тонна ас тұзы өндірілген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Импортталған тұз көлемі де өскен, былтыр елімізге 36,2 мың тонна тұз әкелінді, ол 13,1%-ға артқан.
Экспортқа келетін болсақ, Қазақстан 251 мың тонна тұз экспорттаған, бұл бір жыл бұрынғы көлемнен 9,7% аз. Қазақстандық тұзды импорттайтын негізгі елдерге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, сондай-ақ Қытай, Грузия, Латвия және Германия кіреді.
Ал былтыр ішкі нарықта 200,8 мың тонна ас тұзы сатылды. Тұздың орташа бағасы 1 келіге 90 теңге. Ең төменгі баға Қызылордада тіркелді – 65 теңге, ал ең жоғары баға Алматы қаласында, мұнда 1 келі өнімнің орташа бағасы 112 теңге.
Еске сала кетсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесі уақытша кеңейтілді.