VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен алыс қашықтықтағы ат жарысы – жорықта Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Шабандоздар мен тұлпарлар 300 шақырымдық қашықтықты 4 күн ішінде еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті.

1-орын – Қазақстан
2-орын – Қырғызстан
3-орын – Қырғызстан
Қазақстан құрамасының жеңімпаздар құрамы:
Ержан Ернар;
Төлебай Жарас;
Ыдырыс Жақсылық;
Реимбай Қанат;
Есен Ахмет.