Қазақстан қоржынына тағы бір алтын: Оразбек Асылқұлов жеңіске жетті

Бүгін, 11:29
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын: Оразбек Асылқұлов жеңіске жетті
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін бокстан Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында үндістандық Сачин Сачинмен кездесті.

Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен басым түсті. Екінші рауднта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді. Үшінші раундта Оразбек Асылқұлов белсенді шабуылдап, нәтижелі соққылар жасай білді.

Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медальді салды.

Еске салсақ, бокстан әйелдер арасында Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атанды. Оларды бұл жеңістерімен Мемлекет басшысы құттықтады