Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Бүгін, 08:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылды
Фото: Сыртқы істер министрлігі

SCAT Airlines әуе компаниясы жүзеге асыратын Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Алмас Сейтақынов, Моңғолия Үкіметі мен Ұлы Мемлекеттік Хуралының өкілдері, екі елдің авиациялық ведомстволарының қызметкерлері, SCAT Airlines және Hunnu Air компанияларының басшылығы, туристік агенттіктер, іскер топтар мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан елшісі Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Моңғолияға және Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің биыл Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарлары шеңберінде қол жеткізген уағдаластықтардың маңызды практикалық нәтижесі екенін атап өтті.

2 маусымда іске қосылатын рейс екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік, гуманитарлық және өңіраралық байланыстардың одан әрі дамуына, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын нығайтуға ықпал ететіні аталып өтті.