Қазақстан көмірсутек экспортын дамытады

10 қаңтар, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан көмірсутек экспортын дамытады
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстанның көмірсутек экспортының бағыттарын дамыту, отандық энергетика саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту, сондай-ақ жобаларды халықаралық компаниялардың қатысуымен іске асыру мәселелері бойынша еліміздің сыртқы саяси ведомствосы мен ҚМГ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

А.Хасенов ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұлттық мұнай-газ компаниясының мүддесін шетелде ілгерілетудегі жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.

Еске салайық, бұдан бұрын астық экспортын субсидиялау кезіндегі заңсыздықтар анықталғаны туралы жаздық.