28.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды»

|
Photo: Ақорда
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды»

|
Photo: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайтынын айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Мен биылғы Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыра түсеміз, яғни еліміз Президенттік Республика болып қала береді. Жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түсуде. Мысалы, депутаттардың саны халық санына сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылуда. Мұндай ұстаныммен қарайтын болсақ, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 депутат бар. Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗