Қанат Шарлапаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы болды
23 қаңтар, 2026
Фото: «Атамекен» ҰКП
Қанат Шарлапаев «Атамекен» ҰКП төралқасының жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін елордада ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезі өткізілді. Съезд палатаның жарғысын және төралқа құрамын өзгертті. Көпшілік дауыспен «Атамекен» ҰКП төралқасының жаңа төрағасы болып Қанат Шарлапаев сайланды.
Басқосуда палатаның 2024-2025 жылдарға арналған жұмысы қорытындыланып, негізгі институционалдық және қаржылық мәселелер талқыланып, кәсіпкерлікті одан әрі дамытудың басым бағыттары белгіленді.
Еске салсақ, 2022 жылдан бері ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендер қатаң жазаланады - ІІМ ескерту жасады
8 мамыр, 2026
ЕҚЫҰ өкілі Қазақстан сот жүйесіндегі цифрландыру жетістіктерін жоғары бағалады
6 мамыр, 2026
БҰҰ өкілдеріне еліміздің жаңа Конституциясы таныстырылды
6 мамыр, 2026
Елімізде «жасыл» энергия өндірісі 15 пайызға өсті