Референдум-2026

Қайтарылған активтер: Жетісу облысындағы мектеп құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінді

Бүгін, 11:24
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қайтарылған активтер: Жетісу облысындағы мектеп құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысында жаңа жалпы білім беретін мектеп салуға 5,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көксу ауданының Балпық би ауылында 600 оқушыға арналған жаңа мектеп салынуда. Жаңа нысанға деген қажеттілік халық санының өсуі және қолданыстағы білім беру инфрақұрылымына түсетін жүктеменің артуына байланысты туындап отыр. Жаңа мектеп балаларға тұрғылықты жеріне жақын жерде заманауи білім беру инфрақұрылымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Оқушылар қанша сағат ұйықтауы керек

Құрылысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

Активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде Үкімет 610 млрд теңге сомасына 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қор қаражаты бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорттық және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Білім беру саласында 64,4 млрд теңге сомасына 17 жоба жүзеге асырылуда