Президент: Халық Конституциясын Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы деуге толық негіз бар

Президент: Халық Конституциясын Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы деуге толық негіз бар
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

— Жаңа Конституция — Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысының бүгінгі құбылмалы, шиеленістер мен соғыстарға толы жаңа геосаяси жағдайда көрініс тапқан жаңа сипаттағы жалғасы.

Себебі біз бас құжатымызды қазіргі мүлде жаңа, тарихи, геосаяси жағдайда қабылдап отырмыз. Сондықтан бұл — еліміздің жасампаз рухының көрінісі деп айту қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президнт Халық Конституциясын Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы деуге толық негіз бар екенін тілге тиек етті.

— Халық Конституциясын Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы деуге толық негіз бар. Ата заңымыздың ең басты мақсаты — еліміздің Тәуелсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қорғау және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын сақтау.

Сонымен қатар Конституцияға сәйкес Заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру, адам капиталын нығайту, яғни білімді, ғылымды, инновацияны дамыту, еңбекқорлықты дәріптеу, сондай-ақ табиғатты қорғау стратегиялық маңызы бар міндет ретінде айқындалды.

Ел тарихында алғаш рет Конституцияда мемлекеттік Ту, Әнұран, және Елтаңбамен қатар ұлттық валютамыз мемлекет нышаны ретінде көрініс тауып, бекітілді. Сонымен бірге еріктілердің (волонтерлердің) жанкешті қызметі де конституциялық сипатқа ие болды, — деді Президент. 

Бұдан бұрын Тоқаев шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана елдің көркеюіне мол үлес қоса алатынын айтты