02.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстау облысында жаңа әуежай құрылысы жалғасып жатыр

|
Photo: Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстау облысында жаңа әуежай құрылысы жалғасып жатыр

|
Photo: Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасына сәйкес Кендірлі ауылы маңында жаңа әуежай құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба ішкі туризмді дамытуға, өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға және қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

Кендірлі ауылының әкімі Медет Тоқтасыновтың мәліметінше, бүгінгі таңда аэровокзал ғимаратында топырақ төсеу жұмыстары аяқталды, газ құбыры толықтай тартылды, ал су құбырының дайындығы 71,5%-ды құрайды. Құрылыс алаңында 182 жұмысшы және 112 бірлік техника жұмыс істеуде. Инженерлік желілер мен инфрақұрылымдық нысандарды іске қосу жалғасып, қосылу нүктелері анықталып, монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа әуежай жылына шамамен 29-59 мың жолаушы қабылдайды деп күтілуде. Әуе айлағының қызметін негізінен Жаңаөзен қаласының, Қарақия ауданының және болашақ Кендірлі қаласының тұрғындары пайдаланады деп жоспарлануда. Жоспарланған ішкі бағыттар қатарында Атырау, Ақтөбе, Орал, Астана, Алматы және Қызылорда қалалары бар. Сонымен қатар Нүкіс, Баку және Астрахань бағыттарына халықаралық әуе рейстерін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, бұл өңірдің көлік қатынасын дамытып, туристік әрі экономикалық әлеуетін арттыра түседі.

Ауыл әкімі Медет Тоқтасыновтың айтуынша, бүгінде Кендірліде шамамен 14 мың адам тұрады. Болашақта Кендірлі ауданы мен Кендірлі қаласын құру жоспарлануда. Оның құрамына Жаңаөзен қаласының төрт ауылы мен Қарақия ауданының елді мекендері кіреді. Оның сөзінше, жаңа әуежайдың салынуы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналып, өңірдің тұрақты дамуына қосымша мүмкіндіктер ашады.

Еске салайық, бұдан бұрын Зайсан мен Катонқарағай әуежайларында алғашқы рейстер келесі жылдың көктемінде орындалуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗