Зайсан мен Катонқарағай әуежайларында алғашқы рейстер келесі жылдың көктемінде орындалуы мүмкін
20 қараша, 2025
freepik.com
Зайсан мен Катонқарағай әуежайларында алғашқы рейстер 2026 жылғы көктемде орындалуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО әкімі айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтуынша, Зайсанда әуежай құрылысы 60 пайыз, ал Катонқарағайда 55 пайыз аяқталған.
Ұшып-қону жолақтары салынған, қазір перрон, аэровокзалдардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін бұл құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар «ҚазАэроНавигация» қажетті жабдықты монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Келесі туристік маусымның басында әуежайлар алғашқы ұшақтарды қабылдайды деп ойлаймын, сәуір-мамыр айларынан бастап», - деді әкім ОКҚ алаңында қойылған сұраққа берген жауабында.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Астананы газдандыру 95%-ға жетті: елордада жекеменшік секторды қосу жұмыстары аяқталуда
3 қыркүйек, 2026
Еліміздің 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
3 қыркүйек, 2026
Мұрат Мансұров: Қазақ тазысы – ұлт қазынасы
2 қыркүйек, 2026
Артық салмақ жолды бүлдіріп, жөндеу шығынын арттырады – «ҚазАвтоЖол» ескерту жасады