Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр

Бүгін, 18:18
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі.

Президент бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында астаналық спортшы чемпион атанды