Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады
27 желтоқсан, 2024
Фото: akorda.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Ұқсас жаңалықтар
4 қыркүйек, 2026
Президент Әлібек Қуантыровқа үш мегаполисте қалдықты энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салуды тапсырды
2 қыркүйек, 2026
Қытай Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орында тұр – Президент Тоқаев
31 тамыз, 2026
Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
31 тамыз, 2026
Президент маңызды лауазымдардың кандидатураларын қолдаған Құрылтайға ризашылығын білдірді