Полиция мереке қарсаңында алаяқтардың белсенділігі артатынын ескертті

Бүгін, 12:59
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Полиция мереке қарсаңында алаяқтардың белсенділігі артатынын ескертті
Фото: ІІМ

Мереке қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Олар қауіпті файлдар тіркелген «жаңа жылдық құттықтауларды» таратып, сондай-ақ, бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады. Алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар жарқын құттықтау жіберіп, файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізеді. Сондай-ақ, нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді. Алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді. Сондықтан бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауды пікірлер мен аккаунттың тарихын мұқият тексеруді ескертеді. Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, apk кеңейтімі бар файлдарды бірден өшіргеніңіз абзал. Қауіпсіздік бәрінен маңызды. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз», - деп жазылған хабарламада.