Референдум-2026

Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды

Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Түркістан облысында TikTok әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері нысанды киімді киіп, әдепсіз би билеген қыздың бейнежазбасын анықтады., деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеру барысында бейнежазбаның авторы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева екені анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға берілді.

Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

«Полицияның нысанды киімі әлеуметтік желіде назар аудартудың құралы емес», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Астанада танысына «ипотека рәсімдеуге көмектесемін» деп алдап, 3 млн теңгесін иемденіп кеткен тұрғын ұсталды.