Референдум-2026

Пластик бөтелке – құнды ресурс: Астанада 10 фандомат жұмыс істейді

Бүгін, 11:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Пластик бөтелке – құнды ресурс: Астанада 10 фандомат жұмыс істейді
Фото: kaz-waste.kz

Пластик бөтелке мен алюминий қалбыр жай ғана қоқыс емес, шын мәнінде, олар - қайта өңделіп, жаңа өнімге айналатын құнды ресурс, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ қолдауымен елімізде Sparklo фандоматтары жұмыс істейді. Бүгінде олар Астана, Алматы, Ақтөбе және Петропавл қалаларында тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жоба алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерін де қамтып, экологиялық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға бағытталған.

«Фандоматқа пластик бөтелке мен алюминий қалбырды өткізу арқылы сіз: қоршаған ортаны қорғауға үлес қосасыз; қалдықтардың қайта өңделуіне ықпал етесіз; табиғи ресурстарды үнемдеуге атсалысасыз; бонус жинап, түрлі сыйақыларға ие боласыз», делінген хабарламада.

Астана қаласы (10 фандомат): Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 – «Нұрлы Орда» бизнес орталығы, Жансүгіров көшесі, 8/1 – «Аружан» сауда ойын-сауық орталығы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 – «Изумрудный квартал» бизнес орталығы, Б блогы, Жеңіс даңғылы, 62 – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Достық көшесі, 9 – «Keruen» сауда ойын-сауық орталығы, Қонаев көшесі, 6, Б блогы – «Қазақстан темір жолы» АҚ, Сығанақ көшесі, 17/10 – «Самұрық-Қазына» АҚ, Е-899 көшесі, 2 – Quantum STEM School (1-нүкте), Е-899 көшесі, 2 – Quantum STEM School (2-нүкте), «Дарын» мектебі.

Алматы қаласы (11 фандомат): Бейімбет Майлин көшесі, 2 – Алматы халықаралық әуежайы, Сәтбаев даңғылы, 9Б – «Алтын Заман» тұрғын үй кешені, Әл-Фараби даңғылы, 77/7 – Esentai Tower, «Remizovka» тұрғын үй кешені, 6-переулок, 25/1, Сейфуллин даңғылы, 617 – FORUM сауда ойын-сауық орталығы (автотұрақ), Көк Шоқы шағын ауданы, 1А (1-нүкте), Көк Шоқы шағын ауданы, 1А (2-нүкте), Шұғыла шағын ауданы, Таусамалы, 50А, Сәтбаев көшесі, 22 – Satbayev University (Мұнай корпусы), Сәтбаев көшесі, 22 – Satbayev University (Бас оқу корпусы), Абай даңғылы, 109В – Globus Shopping Center.

Ақтөбе қаласы (10 фандомат): Әбілқайыр хан даңғылы, 86В – «Амстердам» қонақүйі, 2-ықшам аудан, 12А – Д. Қонаев атындағы №60 мектеп, Әлия Молдағұлова даңғылы, 34 – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ораза Тәтеұлы көшесі, 13А, Мәншүк Мәметова көшесі, 4 – Keruen City Mall, Бөкенбай батыр көшесі, 44, Маресьев көшесі, 74 – Отбасылық медицина клиникасы, Мәңгілік Ел көшесі, 2 – ACE Tennis Center, Өтеген Сейітов көшесі, 5 – Ibis Hotel, Қарғалы тұрғын алабы, 41В – «Керемет» моншасы.

Петропавл қаласы (3 фандомат): Қазақстан Конституциясы көшесі, 43 (1-нүкте), Қазақстан Конституциясы көшесі, 43 (2-нүкте), Қазақстан Конституциясы көшесі, 43 (3-нүкте).