Педагогикалық оқу орындары түлектерінің білімі бағаланады

Педагогикалық оқу орындары түлектерінің білімі бағаланады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

25-26 мамыр аралығында тестілеу сайтында «Педагог» санаты үшін педагогтердің білімін бағалауға кандидаттардан өтініш қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Педагогтердің білімін бағалау 27 мамырда өтеді.

Бұл тестілеуге тәжірибесі жоқ педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша колледж және ЖОО түлектері қатыса алады. Бірінші мүмкіндік тегін, келесі тест үшін 5 640 теңге төлеу қажет.

Сонымен бірге педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін кандидаттар тест тапсырады. Олар үшін бірінші мүмкіндік тегін, келесі тапсыру 5 640 теңге.

Тестілеу бір блоктан және 50 тапсырмадан тұрады. Оның ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут. Ең жоғары балл – 50 балл, шекті балл – 25 балл.

Еске сала кетсек, 9-11-сынып оқушыларының емтихандары қай кезде өтетін белгілі болды.