Павлодарда сатылған цементтің көлемін жасырғандарға айыппұл салынды

Павлодарда сатылған цементтің көлемін жасырғандарға айыппұл салынды
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Монополияға қарсы орган Павлодар облысында биржалық сауда қағидаларының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті портландцементті белгіленген шектен асатын көлемде заңнама талаптарын айналып өтіп саудалау фактілерін анықтады.

Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес жекелеген тауарлар, оның ішінде цемент белгіленген көлемнен асқан жағдайда міндетті түрде тауар биржалары арқылы өткізілуі тиіс.

Нарық субъектілеріне қатысты қысқартылған тәртіппен (50% жеңілдікпен) 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 4,5 млн теңге болды.

Еске сала кетсек, алматылық сот орындаушысына 8,6 млн теңге айыппұл салынды.