Павлодарда салынып жатқан жаңа көпірде өрт шықты
Павлодарда Ертіс өзені үстінен салынып жатқан жаңа автокөлік көпірінің тірек құрылысы өртке оранды. Оқыс оқиға №5 тіректе тіркелген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«1 ақпан күні «101» операторының пультіне салынып жатқан көпірдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу өрт-құтқару бөлімшелері жіберілді. Нысандағы оқшаулау материалдары, қорғаныс шатыры және ағаш қалыптар конструкциялары өртенген. Өртенген аумақ биікте орналасуы себепті сөндіру барысында біраз қиындықтар туындады», - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.
Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 100 шаршы метрге таралған жалынды толығымен ауыздықтап, сөндірген.
Көпірдің басқа құрылымдарына оттың таралуына жол берілген жоқ.
Еске салайық, Астанада Елубай Тайбеков көшесінде орналасқан екі қабатты дәмханада да өрт шыққан болатын.