Қостанай облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды
29 қаңтар, 2025
фото: polisia.kz
ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Шекара қызметімен бірлесіп, Денисов ауданы аумағында мемлекеттік шекараға жақын жерде екі шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Заң бұзушылардың Қазақстан-Ресей шекарасын ресми өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтпек болғаны белгілі болды. Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған»,- деп жазылған хабарламада.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан аумағынан шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Астана су қоймасында жел айдап кеткен екі серфингші құтқарылды
8 мамыр, 2026
Франкфуртқа ұшап бара жатқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды
8 мамыр, 2026
Астанадағы өрт кезінде 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды
7 мамыр, 2026
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің балконындағы өрт сөндірілді