ОСК: Елімізде 2,2 млн қазақстандық Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді
Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша елімізде 2 264 411 сайлаушы дауыс берді. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 17,96 пайызы, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10.00 –дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруіне қатысты мәліметті жариялады.
1. Астана қаласы бойынша – 17,01%.
2. Абай облысы бойынша – 17,35%.
3. Ақмола облысы бойынша – 18,91%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%.
5. Алматы облысы бойынша – 17,19%.
6. Атырау облысы бойынша – 18,75%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 18,25%.
9. Жетісу облысы бойынша – 20,87%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 21,06%.
11. Қостанай облысы бойынша – 17,92%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 22,91%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%.
14. Павлодар облысы бойынша – 15,98%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%.
16. Түркістан облысы бойынша – 20,39%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 19,41%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%.
19. Алматы қаласы бойынша – 9,96%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.
Жалпы, еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 12.00-де беріледі.
Еске сала кетсек, ІІМ сайлау барысында елдегі жағдайдың тұрақты екенін, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталмаған.