Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 17 адамды аман алып шықты – ВИДЕО

27 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 17 адамды аман алып шықты – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/ТЖМ

Көкшетауда ТЖМ өрт сөндірушілері өрт кезінде 17 адамды құтқарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің электр қалқанында өрт шықты. 

Оқиға орнына барған ТЖМ қызметкерлері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді», - делінген хабарламада.

Кіреберістегі қатты түтінденуге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезе ойықтары арқылы 17 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.

Бұған дейін елімізде мерекеге орай өрт қауіпсіздігінің сақталуына бақылау күшейтілгенін жазған болатынбыз.